389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жастар қарашадан бастап жастарға арналған тұрғын үйге өтініш бере алады

  • 120
  • UPD: 17:59, 07.10.2019
Елордалық жастар қарашадан бастап жастарға арналған тұрғын үйге өтініш бере алады спутник

Нұр Сұлтан қаласында жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы тұрғын үй алуға өтінімдерді қабылдау қараша айында басталады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлімдеді.

«Қараша айында жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін 1050 пәтерді алуға өтінімдер қабылдауды бастаймыз. Өтінімдер Smart Astana платформасы арқылы қабылданады», - деді ол.

Өтінімдерді қабылдау қанша уақытқа созылатыны туралы әлі хабарланған жоқ.

Жастарға арналған баспананы алу үшін қандай құжаттар қажет екенін мына жерден көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы