389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер тұмаудың алдын алу шараларын күшейтуді кеңес етіп отыр

  • 179
  • UPD: 09:54, 08.10.2019

Жаздың ыстығы қайтып, қыстың ызғары сезілген құбылмалы ауа райында халықты мазалайтын түрлі аурудың екіпіні күшейеді. Солардың бірі тұмау. Қазақстанда жыл сайын 1 миллионға жуық адам аталған вирусты жұқтырады. Кей кездері тұмаудың арты қайғылы жағдайға да әкеледі. Сондықтан дәрігерлер халыққа вирустың алдын алу шараларын күшейтуге кеңес береді.

Алда суық күндер келе жатыр,демек тұмаумен ауыру да жиілейді деген сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әлемде тұмаудан жыл сайын 250-500 мың адам қайтыс болады. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар барлық жұқпалы аурулардың 90%-н құрайды. Бұл дегеніміз, сіз адаммен сөйлесіп тұрғанда да вирусты ауа арқылы жұқтыруыңыз мүмкін.

Ұлдана Ахмедина, терапевт-дәрігер:

- Антибиотиктер тұмаумен ауырғанда қабылдамау керек. Олар көмек бермей керісінше асқындыруы мүмкін. Антибиотикты тек ауру асқынып пневмония, менингит секілді ауруларға шалдыққанда ғана қабылдау керек.

Анатомиялық және физиологиялық ерекшіліктеріне байланысты тұмаумен нәрестелер мен жас балалар өте жиі ауырады. Себебі олардың қорғаныш қабілеті төмен. Әрі балалардың араласатын ортасының ауқымы кең. Мектепте, балабақшада тұмаудың таралу мүмкіндігі өте жоғары. Дер кезінде ем қабылданбаса оның арты менингит, гайморит, пневмония сияқты емделуі ұзақ, айығуы күрделі ауруларға ұласуы мүмкін.

Ардақ Мыңбаева, балабақша медбикесі:

- Көбіне берілетін фильтр таңертеңгілік, баланың ауырған,ауырмағанын қадағалау. Келген кезде балабақшаға үш мезгіл кварц жасаймыз. Кварцты уақытында өткізу.Баланың жақсы тынығып, уақытылы тамақ ішуі. 

Денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша тұмаумен күресудің тиімді жолы алдын алу шараларын уақытылы жүргізу. Оның бірі вакцинопрофилактика яғни екпе егу жұмыстары. Оны күзде бастаған тиімді, себебі тұмау індеті көбіне желтоқсан мен наурыз айлары аралығында болады. Мемлекеттік бюджет есебінен егу шаралары қарашаның 1-нен басталды. Сондықтан емханаларға барып тегін вакцина салдыруға мүмкіндігіңіз бар.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы