389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан Орталық Азиядағы алғашқы покемон-қала атануы мүмкін

  • 236
Нұр-Сұлтан Орталық Азиядағы алғашқы покемон-қала атануы мүмкін

Pokemon GO негізін қалаушылар өз ойынына қосу мақсатында Нұр-Сұлтанды зерттеуге келді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бұл үшін елорда конкурсқа қатысады. Ойынға іріктеуден өту үшін негізгі талап қаладағы қауіпсіздік пен визалық режим болып табылады. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан әлемнің 70-тен астам елімен визасыз режим орнатқанын атап өткен жөн. Қауіпсіздікке келетін болсақ, астана - Smart City енгізгеннің арқасында өңірдегі нөмірі бірінші қауіпсіз қала», – деп жазды қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында.

Қала әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, Pokemon GO өкілдері Нұр-Сұлтан қаласын өз ойындарының қатарында көру қызықты боларын атап өткен.

«Нұр-Сұлтан қаласы мегаполис Орталық Азия елдері арасындағы алғашқы покемон-қалаға айналар еді. Бүкіл әлемге танымал Pokemon GO виртуалды ойынының мақсаты – жаңа покемондарды табу үшін неғұрлым көп саяхаттау болып табылады», – дейді ол.

Айта кетсек, Pokemon GO өкілдерімен кездесу елордадағы қалалық туризм жөніндегі UNWTO бас саммиттің аясында өтті.

Хабар 24 телеарнасы