430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан – құс тұмауынан таза ел

  • 814
  • UPD: 10:29, 23.10.2019
Қазақстан – құс тұмауынан таза ел

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (МЭБ) ресми сайтында Қазақстан құс тұмауынан таза ел деп танылған ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл – Қазақстан Республикасының барлық ветеринарлық қызметінің, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ұжымдарының үлкен еңбегі.

Құс шаруашылығы саласы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды құрамдас бөлігі, оның негізгі бағыттары — жұмыртқа және ет өнімдері болып саналады.

Құс тұмауынан таза ел мәртебесі еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін іске асыруға үлкен мүмкіндік береді және Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсерін тигізетіні анық.

Мемлекет басшысының жаңа нарықтарды ашу туралы тапсырмасын орындау мақсатында атқарылған жұмыстардың алғашқы көрінісі деп атауға болады.

Хабар 24 телеарнасы