379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда инсульттан болатын өлім көрсеткіші төмендеген

  • 345
  • UPD: 08:32, 30.10.2019
Қарағандыда инсульттан болатын өлім көрсеткіші төмендеген

Қарағанды облысында инсульттан өлім көрсеткіші 3 процентке азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде арнайы ахуал орталығын ашудың арқасында миына қан құйылған науқастардың өміріне араша түсуге мүмкіндік туды. Орталықта 4 мың емделушіге қатысты барлық ақпарат сақтаулы. Сандық технологиямен жұмыс істейтін ақпараттық жүйенің көмегімен науқасқа нақты диагноз алғашқы хабар берілген сәттен бастап 40 минут ішінде қойылады. Дәрігерлер дереу операция жасау қажет болған жағдайда ахуал орталығының көмегі көп дейді. Соңғы кездері инсультқа шалдыққандардың арасында жастар көбейіп кеткен. Инсультқа әдетте 65 жастағылар шалдықса, қазір 30-дан енді асқандар да бар дейді дәрігерлер. Облыстағы 4 мыңнан астам науқастың 8 пайызы жастар екен. Сондықтан ахуал орталықтарының жұмысын профилактикалық бағытта да күшейту көзделген.

Хабар 24 телеарнасы