429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әскери қызметшілер Түркияда білім алу үшін 3 кезеңдік іріктеуден өтеді

  • 1306
  • UPD: 12:09, 30.10.2019
Әскери қызметшілер Түркияда білім алу үшін 3 кезеңдік іріктеуден өтеді turkystan.kz

Бірінші курсты бітірген қазақстандық курсанттар Түркияға барып білім ала алады.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Мәжіліс отырысында мәлімдеді.

«Шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында даярлау үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу ережесі бар. Біз Түркияға бірінші курсты бітірген курсанттарды жібереміз. Өзіміздің оқу орындарымызда оқып, жақсы көрсеткіш көрсеткен, ерекше қабілеттерімен көзге түскендерді іріктейміз», – деді Тимур Дәндібаев.

Айтуынша, үш кезеңнен тұратын іріктеуденн өткен курсанттар ғана Түркияға жіберіледі.

«Бірінші кезеңде келіп түскен құжаттар негізінде әскери қызметшілердің тізімін дайындаймыз. Екінші кезеңде әскери қызметші оқу тілі бойынша психологиялық тестер өткіземіз. Үшінші кезеңде барлық нәтижелері сарапқа салынатын конкурс өткізіледі», – деді Т. Дәндібаев.

Хабар 24 телеарнасы