420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда еріктілер орталығы ашылды

  • 979
  • UPD: 08:47, 04.11.2019
Талдықорғанда еріктілер орталығы ашылды

Талдықорғанда еріктілер әлеуметтік орталығы ашылды. Ол өңірдегі еріктілер қозғалысына қолдау көрсетумен айналысады. 

Сондай-ақ  келушілерге кеңес беріп, жастарға еріктілік негіздерін үйретеді. Алматы облысында қазір осы бағытта жұмыс істеп жатқан 15 бастамашыл топ бар. Ал республика бойынша 300-ге жуық еріктілер ұйымы қызмет көрсетуде. Оған еліміздегі 50 мыңға жуық жас мүше болған. Сарапшылардың айтуынша, еріктілер саны жылдан жылға өсе береді. Өйткені алдағы жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланғаны белгілі. Олардың 2020 жылға арналған жоспарлары Нұр-Сұлтанда өтетін форумда жарияланатын болады. 

Татьяна Кретова, ұлттық еріктілер желісі корпусының үйлестірушісі:

– Ерікті деген кім? Ол сізге қандай көмек көрсете алады? Қандай істерге араласып, қандай шараларға араласпайды? Міне осы сұрақтарға қатысты мағлұматтар алдағы жылы көбейе түседі деп ойлаймыз. Бұл біз үшін өте маңызды. Өйткені «Асар»  дәстүрі әрбір қазақстандықтың қанында бар. Еріктілер дегеніміз сол асарлатып, тұрғындарға көмек қолын созушылар.

Хабар 24 телеарнасы