377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы ауыл шаруашылығы ерікті сақтандыруға көшеді

  • 489
  • UPD: 12:02, 31.12.2019
2020 жылы ауыл шаруашылығы ерікті сақтандыруға көшеді

2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығындағы міндетті сақтандырулар ерікті сақтындыруға көшеді.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов мәлімдеді. Оның айтуынша, агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін қаржыландыруды арттыру  мақсатында сақтандыру сыйақылары қарастырылған. Агросақтандыру қызметтері «Қолдау» деп аталатын бизнеске арналған цифрлық платформа арқылы электронды форматта ұсынылады. Сақтандыру жағдайы анықталған кезде осы платформа арқылы егіс алқаптарына ғарыштық Мониторинг жүргізіледі. 

Рүстем Құрманов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Агроөнеркәсіп кешені саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында, кейбір заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер енгізілген болатын. Бұл осы саладағы көптеген қызметтерді жаңғыртып, жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін бірқатар жаңа субсидиялар қарастырылған. Сондай-ақ заң аясында бизнестік ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар барысындағы шығындарды да субсидиялау көзделген.

Хабар 24 телеарнасы