388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда жылу электр станциясында қазандық жарылды

  • 91
  • UPD: 21:42, 06.11.2019

Түркістандағы жылыту электр станциясында қазандықтардың бірі жарылып, бірнеше жергілікті қызметкер жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Техникалық апат кесірінен қала жылусыз қалды. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар азаматтарды қызыл жалын арасынан алып шығып, апат салдарын жоюға кірісті. Еш уайымдамаңыз, бұл арнайы сценарий негізінде өрбіген командалық-штабтық оқу-жаттығуы. Оны облыстық төтенше жағдайлар департаменті өткізді.

Қанат Қарабалаев, ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы:

- Оның мақсаты – жаңағы қыс уақытында табиғи және басқа да ТЖ орын алған жағдайда басқару органдары, Түркістан облыстық аумақтық-азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын тексеру, пысықтау. Сонымен қатар облыс аумағында келе жатқан ауа райына сәйкес барлық білім мекемелері, оның ішінде жаңағы денсаулық сақтау, балабақшалар бәрі 2 мыңнан аса 100% жылу орталығына қосылды.

Қазір республикалық және облыстық жолдардың қауіпті учаскелеріндегі тайғаққа қарсы 22 мың текше метр инерттік материал мен 500 тоннаға жуық тұз әзір тұр. 84 арнаулы техника сақадай сай. Оның 55-сі жергілікті, 29-ы республикалық жолдарға арналған.

Хабар 24 телеарнасы