387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ер адам құлдыққа өз еркімен түскен

  • 114
  • UPD: 11:25, 08.11.2019
Шымкентте ер адам құлдыққа өз еркімен түскен

Құлдықта болған азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Елорда Инфо Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге салсақ, Шымкент қаласының маңында бір жарым жыл бойы құлдықта болған ер адам туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралған болатын.

«Бұл іс Түркістан облысы Полиция департаментінде ҚР ҚК 126-бабы бойынша тіркеуге алынған. Түркістан облысы ПД-де сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тергеу барысында ер адамның ұрлық жасағаны үшін 2017 жылдан бастап Алматы қаласы Алатау Полиция басқармасы тарапынан іздеуде болғаны анықталды. Ол осы уақытқа дейін өзге адамға тегін жалдану арқылы жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта күдіктіні Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қамауға алды», – делінген Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы