384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жеміс-жидектерді өңдейтін жаңа зауыт ашылады

  • 229
Алматы облысында жеміс-жидектерді өңдейтін жаңа зауыт ашылады

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында алдағы жылы алма мен өзге де жеміс-жидектерді сақтап, оны өңдеумен айналысатын жаңа зауыт ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жобаны трансұлттық компаниялардың бірі қолға алды. Оған 25 миллиард теңге инвестиция тартылады. Олар жалпы аумағы 1 мың гектар жерді алатын интенсивті алма бағын құруды да жоспарлап отыр. Болашақта аталған кәсіпорынның өнімдері көршілес Қытай халық республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне, Моңғолия және Ресей сияқты 24 мемлекетке экспортталатын болады. Еңбекшіқазақ ауданындағы алма мен жүзім бақтарының көлемі бір кездері 3 мың гектарға дейін азайып кеткен еді. Ол қазір 10 мың гектарға жетті. Соның 2 мың гектары интенсивті алма бақтар.  

Бинәлі Ысқақ, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі:

– Ол тек қана сол жерде алма алма күйінде, жеміс-жидек жеміс күйінде сақталып қана қоймайды. Ол соның ішінде өңделетін болады. Ертең оның өнімін өздері шығатын 24 мемлекетке шығарамыз деп отыр. Қазір жер телімін алды. Барлық жерден дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құдай қаласа, көктемде жұмысын бастайды, жыл аяғында оны аяқтайды.

Хабар 24 телеарнасы