411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да мердігер ұйым жол жөндеуге сапасыз материал қолданған

  • 522
СҚО-да мердігер ұйым жол жөндеуге сапасыз материал қолданған

Солтүстік Қазақстан облысында мердігер ұйым жол жөндеуге сапасыз материал қолданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокурорлардың айтуынша, құрылысшылар таулы қиыршық тастың орнына ұсағын салған. Ол аздай, оның тіркелмеген кен орнынан шығарылғаны белгілі болды. Тексеріс қорытындысы бойынша мемлекетке 4 жарым млн теңге шығын келген. Қазіргі таңда кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы қадағалаушы орган қызметкерлері 2017-2018 жылдары жөнделген 69 жол учаскесін тексеріп, оның жартысына жуығында түрлі кемшіліктер анықталды.

Жаслан Смағұлов, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:

- Кей жерлерде асфальттің қалыңдығы – 3 сантиметр. Талап бойынша 5 сантиметр болуы тиіс. Сонымен қатар кедір-бұдыр салынған жолдар бар. Жиек тастар да зақымданған.

Хабар 24 телеарнасы