378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да полиция бөлімінің басшысы пара ретінде балық алған

  • 285
  • UPD: 23:46, 15.11.2019
ШҚО-да полиция бөлімінің басшысы пара ретінде балық алған © pixabay.com

Бекіре балығы, қымбат металл, гүлдің ыдыстары, тіпті минералды тыңайтқыштар, тыңайтқыш болғанда да малдың көңін де пара ретінде алғандар бар.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров баспасөз мәслихатында айтты. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық полиция бөлімінің бастығы 50 мың теңгеге бағаланған балықты алып, кабель ұрлаған азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартпауға уәде берген. Ал, ауылдық округ әкімдерінің бірі әжеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беремін» деп тыңайтқыш алған.

Данияр Биғайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі:

- Пара алудың мұндай ерекше әдістерінің көлемі 1%-ке жетпейді. Десе де, цифрлық технология дамыған сайын пара алудың түрлі айла-тәсілдері де көбейіп келеді. Мәселен, банктің төлем құралдары мен шоттарын, карточкаларын қолдана отырып, пара алғандарды анықтадық. Тіпті телефон балансына ақша салдырғандар да бар.

Хабар 24 телеарнасы