384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл 10700-ден астам этникалық қазақ елге оралды

  • 168
  • UPD: 17:37, 18.11.2019
Биыл 10700-ден астам этникалық қазақ елге оралды

Әлемде саны 16 миллионнан астам қазақ бола, соның үштен бірі, яғнишамамен бес миллионы шет елдерде өмір сүреді екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтарды атажұртқа шақырған 28 жылдың ішінде елімізге 1 милионнан астам қазақ көшіп келді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының дерегіне сүйенсек, биылғы жылдың өзінде 10700-ден астам этникалық қазақ, елге оралды. Олардың 48,5%-і Өзбекстаннан, 36%-і Қытайдан, 6,2%-і Моңғолиядан, 5,4%-і Түрікменстаннан, 1,1%-і Ресейден және 0,5%-і Ираннан көшіп келді. Қандастардың басым бөлігі Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл облыстарына және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына қоныс тепті.

Хабар 24 телеарнасы