422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арыста спорт мектебі ашылды

  • 1286
  • UPD: 23:31, 27.11.2019

Арыс қаласында жаңа спорт мектебі ашылды.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында пайдалануға берілген нысан бір мезетте 120 жасөсіпірімді қабылдай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді мұнда спорттың жеті түрімен айналысуға толық мүмкіндік бар.

Спорт мектебі бұрынғы нысанның орнында тұрғызылды. Бұған дейін қызмет еткен ескі ғимарат жаздағы жарылыс кезінде зақымданып, апатты жағдайда болған еді. Сондықтан да сүріп тастап, қайта салу туралы шешім қабылданған. Енді мұнда жасөспірімдердің спортпен айналысуына толық мүмкіндік бар.

Болат Қырықбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Бүгінгі ашылып жатқан спорт кешені осы Арыс қаласының жасөспірім балаларға, спортшыларына өте ыңғайлы. Өзім ойлаймын, болашақта осы залдан, спорт кешенінен еліміздің намысын қорғайтын Азияның, әлемнің ең өте мықты чемпиондары шағады деген ойдамын. Қазір біздің Түркістан облысында спортқа бетбұрыс өте жоғары.

Ғимарат «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының есебінен тұрғызылды. Қор ел Президентінің тапсырмасына сәйкес Арыстағы әлеуметтік нысандарды жаңартуды міндетіне алған болатын. Нәтижесінде бүгінге дейін 64 ғимарат қайта жөнделіп, төртеуі жаңадан салынған. Ал, бұл спорт мектебінде енді бір уақытта жүзден аса бала жаттыға алады. Негізінен еркін күрес, қазақша күрес, самбо, волейбол, дзюдо, ауыр атлетика және бокс түрлері дамытылады.

Арман Жетпісбай, «Samruk Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Осы жасөспірімдер мектебімен қоса, орталық стадионның реконструкциясы жүргізілді. Сонымен қатар біздің Арыс қаласындағы бокс мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Нысан қаладағы заманауи ғимараттардың қатарын толықтырды. Бүгінде облыстың 11 ауданында осындай спорт кешендері бой көтерген. «Бұларда халықаралық жарыстарды өткізуге де болады», - дейді мамандар.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы