425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру жолындағы күресте ролі зор – Ян Киккерт

  • 824
  • UPD: 09:24, 28.11.2019

Ядролық қарусыз әлем - Қазақстанның Сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесуде осылай деп мәлімдеді.

Президент халықаралық қауымдастықтан Елбасының БҰҰ қабырғасында көтерген ядролық қарудан еркін әлем құру туралы жалпыға бірдей мәлімдемені қолдауға шақырды. Халықаралық ұйым өкілдері өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясатының тұрақтылығын атап өтті.

Ян Киккерт, Австрияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Қазақстан ел билігіндегі ауыс-түйіске қарамастан ғаламда ядролық қарусыз әлем құру жолындағы күресін жалғастырып келеді. Сіздің ел бұл салада өте маңызды рольге ие. Қазақстан - жойқын қаруды сынауды тоқтату қозғалысында көшбасшы мемлекет. Бірақ қазақ елі мұнымен шектелмей ядролық қаруға тыйым салу келісім-шартының қабылдануына күш салып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы