376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастар жылы қандай жарқын жобалар іске асты?

  • 486
  • UPD: 21:10, 10.12.2019

Бұл жылы жастарға бірнеше бағыт бойынша қолдау көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Әсіресе тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналастыру және білім беру жағына баса мән берілді. Жыл орайында жиын саны 2 млн астам азамат мемлекеттің қолдауына ие болған. 3 мыңнан астамы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында арендалық баспана алды. 172 мың маман жұмысқа орналасса, 20 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Оның ішінде, 9 жарым мың жасқа бизнес-жоспарын іске асыру үшін грант берілді. Білім және ғылым министрлігі биыл 53 мың оқу грантын бөлді. Яғни, Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған әрбір екінші түлек оқуға түсті. Жас ғалымдарды қолдауға 3 млрд теңге бөлінді. Өңірлерде жас отбасыларды қолдауға арналған 12 ресурстық орталық ашылды.

Хабар 24 телеарнасы