376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының I съезі өтті

  • 281
  • UPD: 15:09, 11.12.2019
Елордада отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының I съезі өтті

Оның мақсаты – жеңіл өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіру.

Жиынға барлығы 120-дан астам жеңілөнеркәсіп өкілдері қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала өкілдерінің басын қосқан алғашқы съезд қала әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтауынан басталды. Шаһар басшысы жеңіл өнеркәсіптің экономикадағы маңызды орын алатынын айтып, жаңа өндіріс орындарының көбейту керектігіне тоқталды. Шара аясында отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында мыңнан астам кәсіпорын белсенді жұмыс істейді. Саланың 98,7 %-ін шағын орта және бизнес құрайды. Отандық кәсіпорындардың алдында импортты алмастыру міндеті тұр. Сондықтан арнайы жол картасы аясында қазақстандық тауарлардың қолдану аясын кеңейту қолға алынған.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

- Биыл «Қазақстан темір жолындағы» тасымалдаушысы негізгі төсек жабдықтарына тапсырыс береді. Жылына, қателеспесем, 3 миллиардқа дейін тапсырыс алынады. Биыл «Azala» сынды отандық кәсіпорындар бірінші рет бір миллиардқа тапсырыс алды. Бұл өте жақсы көрініс. Ал келесі жылдан бастап осы сұраныстың барлығы елімізде қалу керек.

Хабар 24 телеарнасы