428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық пестицидке тыйым салды

  • 444
  • UPD: 18:30, 27.12.2019
Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық пестицидке тыйым салды

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Император, 20% в.к.» пестицидінің мемлекеттік тіркеуін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Енді бұл химиялық өнім Қазақстанда қолданылмайды, деп хабарлайды Елорда Ақпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылы «Пестицид» ЖШС Қазақстан аумағына үлкен көлемде «Император 20% в.к.» (имидаклоприд, 200 г/л) пестицидін кіргізген. Шегірткеге қарсы күресу үшін пайдаланылатын препараттың тіркеушісі (иесі) «Шанхай МИО Кемикал Ко., Лтд.», ҚХР саналады», –  делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, республиканың оңтүстік аймақтарында «марокко» шегірткесіне қарсы химиялық күрес жүргізу кезінде «Император, 20% в.к.» пестициді фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні, оның биологиялық тиімділігі төмен (30% - дан кем) екенін көрсетті.

Шегірткеге қарсы күресте аталмыш химиялық өнімді 1,054 млн га жерге пайдалану тиімсіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңда «пестицидті» мемлекеттік тіркеу куәлігінен айыру (қайтарып алу) қарастырылған.

«Осыған байланысты, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің № 333-Н бұйрығымен 2019 жылдың 12 желтоқсанынан бастап «Император, 20% в.к.» пестицидін мерзімінен бұрын тіркеу куәлігін кері қайтарып алып, аталмыш химиялық препаратты мемлекеттік тіркеуден өткізуге тиым салды», – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Хабар 24 телеарнасы