432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жексенбіде бүкіл христиандардың діни мерекесі – суға шомылу рәсімі болады

  • 555
  • UPD: 00:47, 18.01.2020
Жексенбіде бүкіл христиандардың діни мерекесі – суға шомылу рәсімі болады

Алдағы жексенбі түнінде бүкіл христиандардың діни мерекесі – суға шомылу рәсімі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күні, мәселен, Өскемендегі кәсіби сүңгуірлер кезекшілік етеді. Қала бойынша Ертіс өзенінің бойынан шомылуға арналған екі жер дайындалды. Мамандар судың түбін толық тексеріп, тереңдігін де өлшеді. Қаңтардың 19-ы түнде діни ғұрып жасалатын жерде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жедел жәрдем мамандары таң атқанша жұмыс істейді. Адамдар суға шомылатын жерде жылыту орны да жасақталады.

Сергей Мартьянов, облыстық ТЖД жедел-құтқару отрядының жетекшісі:

- Өзен бойында шомылатын екі жер дайындалды.Бәрі тексерілді. Ол жерлерде құтқарушылар мен сүңгуірелер тәулік бойы кезекшілік атқарады. Бәрі жоспардағыдай болады деп сенемін.

 

Хабар 24 телеарнасы