427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қатаң қадағалауы керек

  • 489
  • UPD: 19:43, 20.01.2020
Сенаторлар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қатаң қадағалауы керек

Сенаторлар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қатаң қадағалауы керек.

Палата төрағасы Дариға Назарбаева осылай деді. Сенат бюросының отырысында депутаттардың өңірлерге жасаған жұмыс сапарының нәтижесі талқыланды. Олар шалғайдағы елді мекендерге барып, тұрғындармен 460-тан астам кездесу өткізген екен. Бұқараны атаулы әлеуметтік көмек, медициналық сақтандыру және қауіпсіздік мәселелері көбірек алаңдатып отыр. Дариға Назарбаева «жұрттың көкейінде жүрген осындай мәселелердің тездетіп шешілуіне сенаторлар ықпалдасуы тиіс» деді. Биыл жоғары палата депутаттарының қатысуымен 80-ге жуық маңызды іс-шара ұйымдастыру көзделіп отыр. Оның ішінде Сенатта алғаш рет аймақ күндері өтетін болады.

Хабар 24 телеарнасы