429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада үш күн бойы жоғалып кеткен оқушы табылды

  • 370
  • UPD: 18:51, 21.01.2020
Елордада үш күн бойы жоғалып кеткен оқушы табылды

Айта кетсек, бұған дейін елордада мектеп оқушысы үш күннен бері іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Жасөспірім 18 қаңтарда сағат 19.00-де үйінен шығып, хабарсыз кеткен.

«Елордалық полиция қызмектерлері кәмелетке толмаған баланы табу үшін тиісті шараларды қабылдап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. 21 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы Абзал Әділбаев жоғалған жасөспірімді елордадағы тамақтандыруға арналған орындардың бірінен тауып алды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала анасына тапсырылды. Әйелдің айтуынша, ұлы бұрын да үйінен қашып кетіп жүрген. Сабақтан да жиі қалады», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен. Жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция баланың заңды өкілдерімен әңгімелесіп, аталмыш фактінің қайталанбауы керектігін ескертті.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы