376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық жастардың 8%-ке жуығы жұмыссыз

  • 120
  • UPD: 22:15, 23.01.2020
Жамбылдық жастардың 8%-ке жуығы жұмыссыз

Бұл өңірдегі 18 мыңнан астам жас бос сенделіп жүр деген сөз.

Ал жалпы еліміз бойынша бұл көрсеткіш 300 мыңға жуықтайды. Бұл жөнінде Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы кезінде айтылды. Комитет төрайымы Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, бұл санаттағы жастарға тиісінше көңіл бөлінбей отыр. Оларды жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы құралдар, бағдарламалар нәтижелі әсер етпей отырған көрінеді. Жол картасына сәйкес жастардың үлесін жыл сайын 1%-ке азайту көзделген. Алайда бұл көрсеткішке толық қол жетпей отыр. Жиын барысында санаттағы жастардың санын қысқартуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау қажеттілігі айтылды.

Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы:

- Жамбыл облысында 7%-ке дейін НИТ жастар деген бар. Жұмысы жоқ. Жұмыссыз жүргендер. Соларды қалай әрі қарай проблемаларын шешуге болады деген отырыс болады. Оның арасында қазір біздің депутаттар екі ауданға кетті. Қала ішін аралап жүрміз. Әртүрлі ауылдарда болады. Сондықтан ауыл жастары, қала жастары бар, өнідірісте істейтін жастар бар, өзін өзі қамтамасыз ететін жастар бар. Сол мәселелерді толық қарап бір қорытынды жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы