376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Абай» трамвайы жолға шықты

  • 225
Өскеменде «Абай» трамвайы жолға шықты

Бұл ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай шаһарда басталған шаралардың бір бөлігі ғана, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыртына Абай Құнанбаевтың бейнесі салынған ерекше қоғамдық көлік қала ішінде енді бір жыл бойы қатынайтын болады. Алғашқы күні акцияны ұйымдастырған Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұжымы жолаушыларға түрлі ақпарат парақтарын таратты. Трамвайға кірген әр адам қай жаққа қараса да, Абай Құнанбаев туралы мағлұмат алып, ой-өрісін кеңейтеді. Ойшылдың қара сөздері мен данышпандық көзқарастарын да оқи отырады.

Мәдина Болатқызы, кітапханашы:

– Қала тұрғындары көбінесе осы трамваймен қатынайды, сондықтан да осының барлығын травмайдың ішінде қамтыдық. Тек қана оқушылар, мектептерде ғана емес, басқа да қарапайым тұрғындар травмай ішінде Абайдың өлеңдерін, нақыл сөздерін тыңдап жүрсе, нұр үстіне нұр.

Хабар 24 телеарнасы