377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде коронавирусқа байланысты ауруханаға түскендердің сынама нәтижелері үш күнде анықталады

  • 148
  • UPD: 17:33, 28.01.2020
Елімізде коронавирусқа байланысты ауруханаға түскендердің сынама нәтижелері үш күнде анықталады

Қытайдағы коронавирусқа байланысты ауруханаға түскен науқастардың сынама нәтижелері үш күнде анықталады.

Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің мамандарымыз тұмауды, суық тиюді, ЖРВИ-ді, коронавирусты анықтау үшін науқастан сынама ала алады. Қазіргі уақытта еліміздің 2 жерінде, Алматы мен Нұр-Сұлтанда биотехнология ғалымдарымен бірлесіп, отандық диагностика қою әдістерін әзірлеудеміз. Ауруханаға түсіп жатқан науқастардың сынамаларын өзіміздің зертханаларға жібереміз. Ол үш күнде анықталады. Қиыншылық туса, онда біздің алгоритмге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен зертханаға сынамаларды жібереміз», - деді бас санитарлық дәрігер.

Айтуынша, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдегі әріптестерімен қажет болған жағдайда сынамаларды Мәскеу мен Новосібір қалаларындағы зертханаларға жіберуге келіскен. Жалпы бас санитарлық дәрігер қаңтардың 30-ына дейін отандық диагностикалау әдісі дайындалатындығын атап өтті.

«Қытайдан келген азаматтарымыз және шетелдіктердің бәрі есепке алынды. Себебі осы келген отандастарымыздан және шетелдіктерден ЖРВИ, тұмау белгілерін анықтау, оны толық зерттеп, диагноз қоюымыз керек. Мұндай ауру шықса, онда оны тез арада анықтап, оқшаулауымыз қажет. Сонда қоғамымызды қорғаймыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Хабар 24 телеарнасы