411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда еліміздің ең үздік тергеушісі анықталды

  • 322
  • UPD: 11:24, 31.01.2020
Қарағандыда еліміздің ең үздік тергеушісі анықталды

Қарағандыда өткен республикалық тергеушілер слетінде еліміздің ең үздік тергеушісі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматылық Сабыржан Сексембаев жұмысында жоғары нәтиже көрсеткен. Бұл күні сондай-ақ адал қызмет атқарған бірқатар азаматтар мерзімінен бұрын жоғары шен алды. Алғашқы рет ұйымдастырылған алқалы жиында құқық қорғау қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, жұмыс жоспарларын пысықтады. Қазіргі таңда республика бойынша 3500 тергеуші бар. Оның әрқайсысы жылына орта есеппен 100-ге жуық қылмыстық істі қарайды екен. Өткен жылы 150 мың ауыр қылмысты ашқан. Бұл саладағы жаңалықтың бірі – тергеу ісі кезең-кезеңімен электронды жүйеге көшірілуде. Қазір қылмыстық істің шамамен 20%-тен астамы осы форматты қаралады екен. «Сол арқылы ең әуелі жемқорлықты әрі қағазбастылықты азайтамыз», - дейді ведомства басшысы.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы:

Біріншіден, ол сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Неге десеңіз, барша тергеу шаралар, тергеу әрекеттер, яғни, құжаттарды толтыру электронды форматтан өтеді. Сондықтан тергеу әрекеттерін тергеушінің басшылары, прокурорлар, сот онлайн режимінде көреді.

Хабар 24 телеарнасы