375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 14 мыңнан астам контрафактілі тауар жойылды

  • 171
  • UPD: 09:49, 05.02.2020
Алматыда 14 мыңнан астам контрафактілі тауар жойылды

Алматы маңында 14 мыңнан астам  контрафактілі тауарлардың көзі жойылды.  Алматы қаласы Әділет Департаментінің мамандары, келіп түскен арыз-шағымдар негізінде қаладағы ірі базарларда кезектен тыс тексеру жүргізген.

Рейд барысында,  белгілі маркалардың тауар таңбасын заңсыз  пайдаланған контрафактілі өнімдер анықталған. Олардың дені жеке гигиеналық заттар. Рейд барысында жалпы сомасы 1 млн теңгеге жуық 14 мыңнан астам заңсыз тауар тәркіленіп, оны тұтас өртеді. Ал қолдан жасалған тауарларды сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еркебұлан Жетпісбаев, қалалық әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы:

- Сонымен қатар аталған тауарлар адамның денсаулығына зиян екенін айтып өткеніміз жөн болар. Біріншіден, олардың сапасы өте нашар деңгейде деп айтсақ болады, яғни оригинал түрімен салыстырғанда. Сонымен қатар бағасы жағынан да төмен болып табылады. Сонымен  қатар ол адамның денсаулығына зиян келтіре отырып,  ең былай айтқанда жаман ауруға  әкеліп соқтыруы мүмкін деп айтуымызға болады.

Хабар 24 телеарнасы