439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да халық санағын жүргізуге 1150 адам тартылады

  • 204
БҚО-да халық санағын жүргізуге 1150 адам тартылады

Батыс Қазақстан облысында жалпыұлттық халық санағын өткізуге 129 миллион теңге көлемінде қаржы бағытталады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Санақ жүргізетін 1150 адам планшет секілді  қажетті құрал-жабдықтармен қамтылады. Бұл бағыттағы жұмыстарға бюджеттік мекелемелер қызметкерлерін мәжбүрлеп тартуға жол берілмейді. Сұхбат алушылармен арада келісімшарт жасалып, оларға 75 -100 мың теңге аралығында еңбекақы төлеу қарастырылған. Қазіргі таңда өңірде 152 ақпараттық баннер дайындалған. Сайт арқылы онлайн хабарласу мүмкіндігі жөнінде жергілікті баспасөз құралдарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сауалдардың дені географиялық, экономикалық және демографиялық сипатта болады. Онда тұрғындар білімі, мүгедектігі мен табысы туралы мәліметтер келтіруі тиіс.    

Нұрболат Айдапкелов, ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы: 

– Халық санағына көрсетілген қаражаттың бәрі шешілген. Барлық ұйымдастыру мәселесінің бәрі оңынан шешіліп жатыр. Бүгіннен бастап sanaq.gov.kz сайты жұмыс істеп тұр. Сол жерден бүкіл ақпаратты алуға болады. Қалай ұйымдастыру процесі, халық санағының  дайындық мәселесіне қатысты ақпараттың бәрі сол жерде болады.

       

Хабар 24 телеарнасы