443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Митинг өткізетін орындарды жергілікті әкімдік белгілейді

  • 174
  • UPD: 20:20, 18.02.2020

Бұдан былай митинг өткізетін орындарды жергілікті әкімдік белгілейді. Егер сұралған жерде басқа шаралар өткізу жоспарланып қойса, оған балама орын тауып беруге міндетті.

Бейбіт жиындар өткізу туралы заңның жобасы осындай бастамаларды қамтиды. Құжат бүгін кезекті рет қызу талқыланды. Арнайы тәртіптердің арасында митинг өткізу уақыты да нақтыланған. Яғни таңғы 9-дан кешкі 8 аралығында болуы қажет және қала тұрғындарына ыңғайсыздық тудырмауы маңызды дейді мамандар. Бұған қоса «бейбіт жиналыс», «митинг», «пикет», «демонстрация», «шеру» секілді ұғымдардың аражігін ажырату қажеттігі де айтылды. 

Самат Нұртаза, Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы:

- Митингті нақты бір жерде өткізу дегенге сәл келіспеймін. Себебі адамдар дүние жүзінде орталық алаңдарға жиналады. Сондықтан бізде орталық алаңдарда жиналса ешқандай қорқыныш жоқ деп ойлаймын және де митингті ұйымдастырған адамдар жауап беру керек. Мысалы, Еуропада, тіпті қоқыстың өзін жинап кетеді ұйымдастырушылар.

Хабар 24 телеарнасы