443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 90 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

  • 194
  • UPD: 17:23, 19.02.2020
Елімізде 90 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

Елбасының студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге байланысты берген тапсырмасы өз деңгейінде орындалып жатқан жоқ.

Мәселен, өткен жылы 5 мың орынға лайықталған жатақхана қолданысқа берілуі тиіс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ соның 3 мың орны ғана пайлануға берілген. Бұл жатақхана құрылысына қатысты шаруаның әлі де бір жүйеге келмегендігін көрсетеді. Түйткіл мәселені шешу үшін жаңа жатақханалар құрылысына инвесторлар тарту жұмыстарын жандандыру керек. Мәжілістің жалпы отырысында Жәмилә Нұрманбетова депутаттық сауал тастап, оны шешу жолдарын ұсынды. Ол осы іске қызығушылық танытқан барлық мүдделі органдар мен құрылымдарды құрылыс салуға тартуды, мердігерлермен келісімшарттар жасау мерзімі ұзаққа созылып кетпеу үшін оның алдын алу шаралары күшейтуді, бюджет қаражатының мақсатты пайдалану қажеттігін атады. Еске салсақ, Елбасы тапсырмасына сәйкес 2022 жылдың аяғына дейін 75 мың орындық студенттер жатақханасының құрылысы аяқталуы тиіс.

Жәмилә Нұрманбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 2019 жылдың соңында 2190 студент жатақханаға орналаса алмады. Еліміз бойынша 69 жоғарғы оқу орны мен 105 колледжде 90 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж. Жыл сайын «Серпін» жобасы бойынша 3500-ден астам адам грант алады. Оқу орындарының солтүстік аймақтарда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында екендігі белгілі. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында бірде-бір орын енгізілмеген, бұл өңірде 3 мың орынға қажеттілік бар. Дәл осындай жағдай Қостанай облысында да. Онда 2,5 мың студент орынға мұқтаж.

Хабар 24 телеарнасы