439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық шаруалар өздеріне тиесілі қаржыларын ала алмай жүр

  • 148
  • UPD: 17:59, 20.02.2020
Жамбылдық шаруалар өздеріне тиесілі қаржыларын ала алмай жүр

Жамбыл облысында Меркі қант зауытына тонналап тәтті түбір өткізген диқандар әлі күнге дейін ақшасын ала алмай жүр.

Кәсіпорынға кезінде шаруалар құны 1 миллиардтан асатын қант қызылшасын өткізген. Келісімшарт бойынша бұл қаражат 90 күн ішінде төленуі тиіс. Енді шаруалар қаржыны тағы да тура көктемгі дала жұмыстарына дайындалатын кезде алалмайтын болдық деп алаңдап отыр. Шаруалар алтыншы ақпанға дейін есеп айырысамын деген өндіріс басшысы сөзінде тұрмады деп ашулы. Наразы топ аймақ әкімінің есебіне келіп, базынасын жеткізді. Олар өңір басшысы мәселені шешіп бермесе, бұл кәсіппен айналысудан бас тартамыз деп отыр.

Айта кету керек, олар өткен жылы да дәл осындай кедергіге тап болған. Салдарынан аймақта балтамыр алқабының көлемі жоспарланған 9 мың гектардан, 6 мың гектарға дейін азайып кеткен еді.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

– Министрлікте жұмыс істеп жатыр. Қалай қайтаруымыз керек. Бұл зауыттың қарызы. Зауыттың қарызы болғандықтан, зауыттың өзі өтеуі керек. Қазір соның бәрін зерттейміз.Сенбі күні сіздерге нақты не болатынын айтамын.

Хабар 24 телеарнасы