447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында зейнетақысын алмаған 9 мың зейнеткер іздестірілуде

  • 155
  • UPD: 13:36, 25.02.2020
Павлодар облысында зейнетақысын алмаған 9 мың зейнеткер іздестірілуде

Аталған зейнеткерлердің есепшоттарында 484 миллион теңге сақтаулы, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Владимир Питраков атап өткендей, облыста 9 мың зейнеткер жинақтаушы зейнетақы рәсімдемеген.

Аталған зейнеткерлердің барлық есепшоттарында жинақталған сома 484 миллион теңгеге тең.

«Бұл азаматтар жөніндегі барлық мәліметтер бар. Қазірде біздер аталған тұрғындарды іздестіруге күш жұмсаудамыз. «БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалының директоры айтқандай, аталған азаматтардың әрбіреуіндегі қаражат көлемі әртүрлі: 1 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін. Қалай дегенде де, зейнетақысын алмай жүрген адамдардың жинаған қаражаты ешқайда жоғалмайды. Тіпті есепшот иесі қайтыс болған жағдайда ол қаражат зейнеткердің заңды мұрагеріне беріледі», – дейді Владимир Питраков

Айта кетейік, еліміздің көлемінде жинақ зейнетақысын қажетсінбеген зейнеткерлердің саны 174 мың адамды құрайды. Олардың шоттарында 11 млрд теңге жинақталған.

Хабар 24 телеарнасы