423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

1 сәуірден бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі толық іске қосылады

  • 749
1 сәуірден бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі толық іске қосылады

Бүгінде сырбойылықтардың 86 проценті сақтандырылғандар қатарында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа денсаулық сақтау қоры аясында 56 емдеу мекемесі облыс тұрғындарына қызмет көрсетеді. Оның жартысы – жеке клиникалар. Тұрақты келушілерін сақтап қалу үшін енді мемлекеттік медициналық ұйымдар қызмет көрсету сапасын жақсартып, мамандардың кәсібилігін жетілдіріп отыруы шарт. Сол кезде ғана олар заманауи құрылғылармен жабдықталған жеке емханалармен иық теңестіре алады. Тың жобаны енгізу бойынша облысаралық әріптестік пен дайындықты пысықтайтын өңірлік штабының көшпелі отырысында осы бәсекелестікті арттыру жайы қаралды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылары қатысқан жиында дәрігерлер тапшылығы мен цифрлық жүйелердің байланысын жақсарту жөніндегі мәселелер көтерілді.

Ерік Байжүнісов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Ақша бөлінді, енді ол қаражатты медициналық ұйым тарапынан көрсетілген қызметтің сапасы мен көлеміне қарай төленуін қадағалау керек. Бұрынғыдай тек аурухана мен емхананы ұстап тұруға аста-төк қаржы бөлу келмеске кетті. Қазір адамдар қай емдеу мекемесін таңдайды сол клиникаға ақша құйылады. Жеке немесе мемлекеттік деп бөлмей, әрі қарай дамуына қолдау жасалады.

Хабар 24 телеарнасы