445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай көшелерін көк мұз басты

  • 121
  • UPD: 20:06, 26.02.2020
Қостанай көшелерін көк мұз басты

Қостанайды көк мұз құрсап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таңертең жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа айналды. Автобустардың қозғалысы баяулап, жолаушылардың оны ұзақ күтуіне тура келді. Балалардың қауіпсіздігі үшін түстен кейін сабақ болған жоқ. Синоптиктер ертең де жаңбыр жауады дейді. Желдің де екпіні күшейіп, секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендейді. Көктайғақтан зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгендер саны 25-ке жетті. Оның ішінде 17 адамның сіңірі созылған.

Марат Аймакенов, травматолог:

– Жеті адамның аяқ-қолы сынған. Оларды амбулаториялық емханаларға жібердік. Тағы бір адамның жамбасы сынған. Оны күрделі операция жасау үшін ауруханаға жатқыздық.

Хабар 24 телеарнасы