418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған сарбаздардың базасы жасалып жатыр

  • 306
  • UPD: 17:26, 03.03.2020

Есімдері мәңгі жадымызда. Солтүстік Қазақстан облысында осындай атаумен республикада алғашқы болып, Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған сарбаздардың электронды базасы жасалып жатыр.

Тың бастаманы облыстық архив қызметкерлері қолға алған. Олар 2015 жылдан бері осы іспен айналысып келеді. Деректер базасына яғни облыстың бұрынғы аумағынан 1939-1945 жылдар аралығында «Қызыл армия» қатарына шақырылған 70 мыңнан астам боздақ жайлы ақпарат енгізілді. Олардың қатарында сұрапыл соғыста қайтыс болғандары мен хабарсыз кеткендер бар. Майдангерлер жайлы жасақталып жатқан бұл жүйе 9 мамыр Ұлы Жеңістің 75 жылдығына дейін дайын болады. Және ол интернет арқылы барлық азаматтарға қолжетімді болмақ. 

Назерке Рамазанова, облыстық архивтің архивисі:

- Базада батырдың туған жері, туған жылы. Оның әскери атағы, әскери лауазымы. Қай жерде соғыста болды? Және де қашан қайтып келді? Қандай себептермен қайтыс болды? Олардың туған-туыстары жайлы толық мәліметтер беріледі. Сонымен қатар бұл мәлеметтерді біз Қазақстанның архивтерінен және де шетелдік Украина, Ресей, Белоруссияның архивтерінен алдық. Бұл база бойынша бізде 91 мың адам есептеліп шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы