443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Біртанов оқу орындарының қашықтан оқытуға көшетіні туралы ақпаратқа түсінік берді

  • 161
  • UPD: 17:14, 05.03.2020
Е.Біртанов оқу орындарының қашықтан оқытуға көшетіні туралы ақпаратқа түсінік берді kyn.kz

Қазақстанда коронавирусқа байланысты оқу орындары қашықтан оқытуға көшетіні туралы ақпараттар тарап жатыр.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ брифингінде осыған байланысты түсініктеме берді.

«Мемлекеттегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен арнайы алгоритм бекіттік. Егер елде коронавирус табылып, ары қарай тарап кетсе, қандай шаралар енгізілетіні туралы Б жоспары құрылды. Соның аясында осындай (қашықтан оқыту) шектеу шараларын енгізуге мүмкіндік бар. Бірақ дәл қазіргі күнде мектептерді, оқу орындарын жабу туралы шаралар енгізіліп жатқан жоқ», - деді Е.Біртанов.

Дегенмен бұрыннан жоспарланған көптеген концерттер, келе жатқан мейрамдарға арналған жиналыстар, халықаралық конференцияларды өткізуге шектеу қойылып жатқанын айтып өтті.

«Себебі ондай іс-шараларға көптеген адам жиналады. Одан кейін бір-екі күннің ішінде науқастардың табылмауына ешкім кепілдік бермейді ғой. Сондықтар алдын-ала шектеу қойған дұрыс», - деді министр.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы