423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бизнес бастамаларды жүзеге асыру үшін мыңнан астам әйелге қайтарымсыз грант берілген

  • 296
Бизнес бастамаларды жүзеге асыру үшін мыңнан астам әйелге қайтарымсыз грант берілген

Жыл басынан бері елімізде бизнес бастамаларды жүзеге асыру үшін мыңнан астам әйелге қайтарымсыз грант берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «Жас кәсіпкер», «Бизнес-Бастау» жобалары бойынша білімін жетілдіріп, өз ісін ашқан. Солардың бірі – Ұлжан Мырзагелдиева. Негізгі мамандығы – мұғалімдік. Ұстаздық қызметте жүріп, жеке кәсіп ашуды армандаған. Мемлекет жасаған мүмкіндікті тиімді пайдаланған көп балалы ана өз жобасын жақсыға қорғап, 505 мың теңге көлемінде грантқа қол жеткізді. Қаржыға азын аулақ құрал жабдық алып, массаж бөлмесін ашқан. Өзін қосқанда үш адамды жұмыспен қамтып отыр.

Ұлжан Мырзагелдиева, жеке кәсіпкер:

– Төрт баланың анасымын. Бір баланы балабақшаға, екіншісін мектепке, кейін колледжге бару үшін мемлекеттік қызметкер ретінде жұмыстан сұрана алмайсың. Ал кәсіппен айналысқандағы басты мақсатымыз – өзімізге көбірек уақыт болады. Балаларға көбірек көңіл бөлеміз. Сондықтан маған кәсіппен айналысқан ұнайды. Қазіргі таңда ғимаратымыз кішкене болса да, өзіміздің клиенттеріміз бар. Әлеуметтік желілер арқылы жарнама жүргізіп жатырмыз. Күн жылынса, ғимаратты ауыстырып, үлкендеу жерге көшіп, бір-екі қызметкер алып, кеңею жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы