427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында бедеулікке душар болған отбасылар ЭКО әдісіне тегін жүгіне алады

  • 340
  • UPD: 22:33, 10.03.2020
Ақтөбе облысында бедеулікке душар болған отбасылар ЭКО әдісіне тегін жүгіне алады

Ақтөбе облысында биыл белсіздікке душар болған 54 отбасы жасанды ұрықтандыру әдісіне ақысыз жүгіне алады.

Жергілікті орталыққа қаражатты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлу қарастырылған. Жалпы өңірде бала сүю қабілетінен айырылған мыңнан астам отбасы бар. Олардың тең жартысы жасанды жолмен ұрпақ сүю мақсатында кезекке тіркеліпті. Ақтөбеде осыдан үш жыл бұрын ЭКО орталығы ашылған болатын. Осы уақыт аралығында 600-ден астам операция жасалып, жүзден астам сәби дүниеге келді. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген ең үлкен емделуші 47-де болса, ең жасы 27-де ғана. Сондықтан мамандар жасанды ұрықтандыру әдісіне бөлінетін квотаның санын арттыру қажет дейді. 

Гүлнар Бекбосынова, ЭКО орталығының меңгерушісі:

- Менің ойымша, жылына ең кемінде жүз квота бөлу керек. Себебі біздің орталыққа Ақтөбе ғана емес, көршілес Атырау, Орал, Маңғыстау облыстарынан да емделушілер келеді. Олардың барлығына қызмет етуге біздің мамандарымыздың біліктілігі де, орталықтың мүмкіндігі де жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы