443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау құны өсті

  • 133
  • UPD: 10:04, 12.03.2020
Атырауда тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау құны өсті

Атырау қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау құны өсті. Бұған дейін қала тазалығына жауапты мекеме жан басынан қоқыс үшін 117 теңге алып келсе, енді тариф көтерілмек.

Қазіргі қоқыс тасымалдау құны 2006 жылдан бері өзгеріссіз болған. Енді тазалықшылар жанар-жағармай шығыны мен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру мақсатында осы қадамға барып отырғанын айтады. «Арнаулы автобаза» кәсіпорны қоқыс тасымалдау құнын көтеру туралы әлеуметтік желі арқылы тұрғындар арасында талқылау ұйымдастырған болатын. Кейін жаңа тарифты қалалық маслихат бекітті. Тариф көтеру арқылы кәсіпорын материалдық-техникалық базасын нығайтып, жаңа жұмыс орнын ашпақ.

Аңсаған Сағынбаева, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Бұл жеке тұлғалар үшін көп қабатты тұрғын үйде тұратын тұрғындар үшін 197 теңге болса, ал жеке тұрғын-үй секторында тұратын азаматтарға 214 теңгеге дейін көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы