429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында коронавируспен күреске 38 млн теңге бөлінді

  • 436
  • UPD: 09:00, 13.03.2020
Ақтөбе облысында коронавируспен күреске 38 млн теңге бөлінді

Ақтөбе облысында қауіпті вирусты жұқтырған азаматтар анықталған жағдайда оларды емдеуге арналған 130 орын дайын тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін облыстық жұқпалы аурулар және наркологиялық диспансерлер қайта жарақталған. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мұндай шаралардың аудандарда да қолға алынғанын жеткізді. Қазір вирусқа қарсы дәрі-дәрмек қоры құрылған. Дертті болған азаматтарды тасымалдауға арнайы жедел жәрдем көліктері де бекітілген. Дәрігерлер мен өзге де медицина қызметкерлері COVID-19 дертімен күресудің әдіс-тәсілдері туралы қосымша ақпаратпен қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, өңірде вирусты жұқтырған азамат тіркелген жоқ. Тек Италия елінен келген 3 тұрғын қазір дәрігерлердің бақылауында. Олардың хал-жағдайы қалыпты. Өңірде медициналық бетперде тапшы. Шенеуніктер бұл мәселенің шешу жолдарын қарастырудамыз дейді. Облыста қатерлі індетпен күреске 38 миллион теңге бөлінген.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Осындай жағдай туындағаннан бастап тұрғындар бетперделерді көп пайдаланып, сатып алып жатыр. Сондықтан дәріханаларда бетперделерге сұраныс бар. Біздің облыста арнайы осы мәселені шешу үшін бетперделерді шығарып бастады. Күніне 4 мың маска шығарылады. Олардың барлығы осы дәріханаларға жіберіліп, халыққа жіберіліп жатыр. Басқа жақтан да біз маска қарастырып, әкелу мәселесін қазір кәсіпкерлермен жұмыс жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы