411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында азық-түлік қоры жеткілікті

  • 349
  • UPD: 11:33, 13.03.2020
Алматы облысында азық-түлік қоры жеткілікті

Алматы облысы халыққа қажетті азық-түлік түрлерімен толықтай қамтамасыз етілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған қор шамамен 3-4 айға жетеді. «Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ», - дейді жергілікті атқарушы билік өкілдері. Атап айтар болсақ, 33 мың тонна картоп, 13 мың тонна пияз, 25 мың тоннадай ет өнімдері бар. Сондай-ақ өңірде жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын 140 қойма жұмыс істеп тұр. Онда 173 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері сыяды. Қант пен өсімдік майы да жеткілікті. Бағаны тұрақтандыру бағытында да бірқатар шара атқарылып жатыр.

Ділшат Молотжанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Облыс аумағында әр апта сайын жәрмеңкелер өткізілуде. Сонымен қатар көкөніс өнімдерімен облыс тұрғындары толығымен қамтылған сәуір, мамыр айларына дейін. Әр апта сайын бағаның өсуіне мониторинг жүргізілуде.

Диас Бейсенбек, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таңда 4 мың тоннаға тарта ұн наубайханаларға жеткізілді. 90 теңге бір келісі үшін. Бұл өз кезегінде осы наубайханалардан әлеуметтік нанды 85 теңгеден өткізуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы