419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО билігі бюджеттен 3,3 млрд теңге үнемдемек

  • 304
  • UPD: 13:35, 13.03.2020
ШҚО билігі бюджеттен 3,3 млрд теңге үнемдемек

Шығыс Қазақстан облысының билігі департаменттер мен басқармалардың шаруашылық шығындарын қысқартып, бюджеттен үш милиардтан астам теңгесін үнемдемек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ қысқартулардың әлеуметтік бағдарламамаларға қатысы жоқ. Бұл тек мемлекеттік сатып алуға қатысты салалар. Яғни, мемлекеттік мекемелерге қымбат жиһаздар мен жаңа автокөліктер алынбайды. Атаулы әлеуметтік көмек және басқа да міндетті төлемдер толығымен беріледі.

Алмасхан Сматлаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Бұл үнемделетін 3,3 миллиард теңге әлеуметтік төлемдерге қатасы жоқ. Үкіметтің арнайы тапсырмасы бойынша шаруашылық шығындарды қысқартуға қатысты. Сондай-ақ түрлі мерекелік және спорттық шараларға қарастырылған қаржылар есебінен үнемделеді. Біз әлі де қай саладан үнемдеуге болатынын қарап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы