399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қоғамдық тәртіп күшейтілді

  • 305
  • UPD: 22:24, 17.03.2020
Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қоғамдық тәртіп күшейтілді

Ол үшін жеке құрамнан 8 мыңнан астам адам қызметке шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Сонымен қатар әскерилердің көмегімен коронавирус жұқтырғандарды және олармен байланыста болғандарды іздеу және ауруханаға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ тәртіптің күшейтілуіне байланысты Ішкі істер органдары қызметкерлерін іссапарға жіберуге тыйым салынды. Бұған қоса, Азаматтық қорғаныс қызметінің барлық бөлімшелері енді төтенше жағдай режиміне көшірілді. Ал мемлекеттік комиссия шешімімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздың түнгі сағат 00:00-ден бастап карантин жарияланды. Қазір карантиндік аймақтың периметрі белгіленіп жатыр. Ішкі істер министрлігі көліктерге қалаға кіріп шығуды шектейтін бекеттер орнатады.

Хабар 24 телеарнасы