425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Сергек: блокпост» мобильді қосымшасы әзірленді

  • 436
  • UPD: 15:27, 20.03.2020
Елімізде «Сергек: блокпост» мобильді қосымшасы әзірленді

Енді блок бекеттерде тұрған полиция қызметкерлері көліктерді осы жүйенің көмегімен тіркейтін болады.

Ондағы мақсат – жүргізушілермен тікелей байланыс орнатпау. Жол сақшылары көлік иелерін планшетке суретке түсіріп яки жеке сәйкестендіру нөмірін тіркеу арқылы әлгі адамға қатысты барлық ақпаратты автоматты түрде ортақ базаға енгізе алады. Бұл жүйе індет жұқтыру қаупін төмендетеді және жол сақшыларының жұмысын анағұрлым жеңілдетеді. Қазір тәртіп сақшыларының қолында мыңға жуық планшет бар. Ал мобильді қосымша небәрі бір күнде әзірленген екен.

Хабар 24 телеарнасы