423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Министр коронавирусқа байланысты eGov-та пайда болған картаға қатысты түсінік берді

  • 644
  • UPD: 16:46, 23.03.2020
Министр коронавирусқа байланысты eGov-та пайда болған картаға қатысты түсінік берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирусқа байланысты eGov порталында тараған елордадағы қауіпті аймақтар картасының қайта жасалып жатқанын айтты.

«Кеше ол карта дүрбелең тудырды. Себебі көбісі оны вирус тараған аймақтар деп ойлап қалды. Шын мәнісінде оның көп бөлігінде науқастармен байланыс жасаған адамдардың саны көрсетілген. Олардың барлығы медициналық тексерістен өтіп, вирус жұқтырғандар анықталған жоқ. Дүрбелең тудыруға себеп жоқ. Қазіргі уақытта карта көпшілікке түсінікті әрі функционалды болу үшін қайтадан жасалуда», - деді министр ОКҚ брифингінде.

Еске салсақ, eGov-та коронавирустың қауіпті аймақтарының картасы пайда болған еді.

Хабар 24 телеарнасы