447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында медициналық маскаға сұраныс артты

  • 112
  • UPD: 21:06, 24.03.2020
Түркістан облысында медициналық маскаға сұраныс артты

Бұған орай өңірдегі барлық ауданда жаппай бетперде тігуді қолға алынды.

Тұрғындардың сұранысын толық қамтамасыз ету үшін Сайрам ауданындағы серіктестік ірі көлемде тапсырыс алып, бетперденің сан алуан түрін тігуді бастап кетті. Мұнда 80-нен асатын жұмысшы күніне 30 мың маска тігуде. Цех жұмысымен танысқан аймақ басшысы жұмысшылардың қажеттілікке қарай маска мөлшерін көбейтіп тігуге мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Сонымен қатар ауданда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында, атаулы әлеуметтік көмек алған 65 тігінші күніне 5500 дана медициналық маска тігумен айналысып жатыр. Қазіргі таңда Сайрам ауданындағы 10 мыңға жуық аз қамтамасыз етілген азаматтарды тегін медициналық бетпердемен қамту шаралары жүзеге асырылуда. Қауіпті дертке қарсы күрес күшейген сайын, ел арасында сақтық шараларын қолға алу артқан. Вирустан қорғану құралының бірі бетперде. Сондықтан Түркістан облысында халықты медициналық маскамен толық қамтуға аса мән беріліп отыр.

Алмас Әбдіқадыров, Nur Otan партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары:

- Елбасының бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында аудан көлемнідегі 130 отбасыға азық-түлік пен маска, антисептик құралдар таратамыз. Көп балалы аналар, ҰОС ардагерлері, аудан көлеміндегі аз қамтылған отбасыларға тегін бетпердемен қамту жоспарланып отыр. Бетпердені өзіміздің ауданда тігіп дайындап жатыр. Көп рет пайдалануға болатын 16 қабаттық маска.

Хабар 24 телеарнасы