412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісай ауданының тігіншілері «Біз біргеміз» акциясын қолдады

  • 358
  • UPD: 13:54, 24.03.2020
Жетісай ауданының тігіншілері «Біз біргеміз» акциясын қолдады

Түркістан облысы Жетісай ауданының тігіншілері «Біз біргеміз» акциясын қолдап, дәкеден медициналық бетперделер тігуді қолға алды.

Ол үшін кәсіпкерлер өз үлестерін қосып жатыр. Қазір Жетісай қаласындағы шағын тігін цехтарында тәулігіне 5 мыңға жуық медициналық бетперде дайындалады. Алдағы уақытта жұмыс күшін арттырып қуаттылығын 7 мың данаға жеткізуді жоспарлап отыр. Осыған дейін бұл цехтар,  қыз жасаулары, тұрмысқа қажетті заттар мен киімдер тігіп келген.  Өнімдерін алдымен аз қамтылған отбасыларға тегін таратпақ. 

Айжан Дабарова, тігін цехының меңгерушісі:

- Қазіргі таңда сұранысқа ие болып жатқан бетпердені тігудеміз. Күніне 1500 маска тігудеміз. Ал сұраныс артса 2000-ға жеткізудеміз. Қазір Қазақстан халқына осы дерт келгелі бері, бәріміз бірге біріксек жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші төтеп береміз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы