414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 31 наурызда шектеу шаралары енгізіледі

  • 156
  • UPD: 15:37, 30.03.2020
Жамбыл облысында 31 наурызда шектеу шаралары енгізіледі

Жамбыл облысында 31 наурыз сағат 00:00 бастап шектеу шаралары енгізіледі.

Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Шектеу шаралары:

1) Транзиттік және азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктерден басқа, барлық көлік түрлері үшін және азаматтар үшін Жамбыл облысы аумағы мен Тараз қаласына кіріп-шығуға тыйым салынады;

2) Ірі сауда орталықтары қызметтерін тоқтатады;

3) Бөлшек сауда базарлары сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін санитарлық-дезинфекциялық режімді қатаң сақтай отырып жұмыс істейді;

4) Көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлар, супермаркеттер, азық-түлік сауда орындары, тұрғын үй жанындағы дүкендер мен дәріханалар қалыпты режімде жұмысын жалғастырады;

5) Қоғамдық тамақтану нысандары жеткізіп беру режіміне көшеді;

6) Жамбыл облысының тұрғындарына үйінен аса қажеттілік болмаса шықпауға шақырады;

7) Тұрғындардың үш адамнан артық емес топтасып жүруін (отбасы мүшелерін қоспағанда) шектеу қажет.

Хабар 24 телеарнасы