421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да коронавирус жұқтырғандар 700-ге жуық адаммен байланыста болған

  • 286
  • UPD: 13:45, 03.04.2020
СҚО-да коронавирус жұқтырғандар 700-ге жуық адаммен байланыста болған

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар 700-ге жуық адаммен байланыста болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауына алынды. 300 азамат карантинге жабылды. Қалғандарынан анализ алынып жатыр. Мамандардың айтуы бойынша науқастардың жағдайлары тұрақты. Тағы 2000-нан астам адам үйлерінде оқшауланған. Жалпы қазіргі сағаттардағы статистикаға сүйенсек, өңірде 15 адам қауіпті індетті жұқтырған.

Меруерт Атамбаева, облыстық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

- Бір ошақ Қызылжар ауданы бойынша, екі ошақ Тайынша ауданы бойынша, қалған 11 ошақ Петропавл қаласында тіркеліп отыр. Барлық қатынаста болған адамдардың барлығы табылып, оқшауланып, тиісті стационарларға жатқызылды.

Хабар 24 телеарнасы