422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық журналистер әлеуметтік желіде онлайн лекция өткізеді

  • 386
  • UPD: 16:09, 03.04.2020
Қазақстандық журналистер әлеуметтік желіде онлайн лекция өткізеді

Коронавирус пандемиясынан елде енгізілген карантин жағдайында қалған қазақстандық журналистер әлеуметтік желілер арқылы өз білімдерін бөлісті.

Журналистердің білімін онлайн лекторияларға біріктірген — «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры «Біз біргеміз» акциясының шегінде қазақстандық медиа сарапшылардың, танымал тележүргізушілердің және журналистердің қатысуымен @media_foundation әлеуметтік аккаунтында онлайн-кездесулер топтамасын ұйымдастырды.

Аталмыш жоба 30 наурызда басталды. Онлайн кездесулердің спикерлері - Informburo.kz бас редакторы Михаил Дорофеев, журналист және медиатренер Асхат Еркімбай, «Хабар» телеарнасының журналисті және тележүргізушісі Айгүл Адилова, «Хабар» телеарнасы бағдарламаларды өндіру бөлімінің бас редакторы Галина Алькешова, «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі Ғабит Бөкенбай, «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Асхат Ниязов, «Atameken Business» телеарнасы «Мир.Итоги» бағдарламасының жүргізушісі және продюсері Руслан Идрисов.

Онлайн лекциялардың тақырыптары кең әрі актуалды, соның ішінде өз-өзін оқшаулау кезінде қолданылатын фактчекинг құралдарынан бастап локдаун кезеңінде телеарналар мен жаңалықтар редакциясының жұмысына дейін. Лекциялар интернет желісінде күнделікті сағат 17:00-де тікелей эфир форматында өткізіледі.

Онлайн лекциялар кестесі: Галина Алькешова - «Журналистика в период карантина: как проверить информацию и основной инструмент репортера», 2 сәуір.

Дауржан Аугамбай - «5 эффективных принципов в медиа», 3 сәуір.

Михаил Дорофеев – «Работа новостных редакций в новых условиях», 4 сәуір.

Ғабит Бөкенбай - «Этно журналистика: жаңа замаңдағы журналистерге жаңа талаптар», 5 сәуір.

Асхат Еркимбай - «Фактчек құралдары», 6 сәуір. Айгуль Адилова – «Паркетная журналистика», 7 сәуір. Азамат Әбілқайыр – «Республикалық телеарнада қызмет ету қаншалықты қиын?», 8 сәуір.

Асхат Ниязов - «Репортаж как жанр во время карантина», 9 сәуір. Руслан Идрисов – «Как вести программу в прямом эфире в домашних условиях?», 12 сәуір.

Ескере кететін жайт, «Atameken Business» телеарнасы «Мир.Итоги» бағдарламасының продюсері және журналист Руслан Идрисовтың онлайн сабағына қосылған тыңдармандар телевизиялық жобаны үйден тікелей эфирге қалай шығаруға болатыны туралы эксклюзивті кейстермен танысатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның аяқталу мерзімі белгіленбеген соң онлайн лекциялардың кестесі өзгерістерге ұшырап, жаңартылып тұрады.

Хабар 24 телеарнасы